Accessibility links

Үлескерлер проблемасын шешудің үкімет ұсынған жолы олардың көңілінен шыға ма?

  • Досан БАЙМОЛДА

Мамырдың 28-і күні Қазақстан үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов құрылыс компанияларынан алдандық деп жүрген үлескерлерге қатысты туындап отырған проблемалық мәселелерді реттеуде үкіметтің мүмкіндігі мен қаржылық жағдайы толық бар деген мәлімдеме жасады.

К.Мәсімов бүгінгі күні Астана және Алматы қалаларында құрылыс жұмыстары жүрмей тоқтап тұрған 157 құрылыс нысандарының 30 мыңдай үлескерлеріне мемлекет көмек жәрдем көрсетуге дайын екенін айтты.

«Ал тағы 148 құрылыс нысандарының 9 мыңдай үлескерлері бұл құрлыстарды өздері бітірулері тиіс, ал ең үлкен проблема туғызып отырған 34 нысанның мәселесі сот арқылы, оларды банкрот деп тану арқылы біткелі отыр», - деді К.Мәсімов.

Қазақстанда бірқатар құрылыс компанияларынан алданып қалған сан жүздеген үлескерлердің құқығын қорғаушы, заңгер Сергей Уткин үкімет басшысының бұл айтқандарына сену қиын деп санайды.

«Өйткені ол кісі дәл осындай мағынадағы уәде, мәлімдемелерін осыдан бұрын да бір-екі рет айтқан болатын. Ал содан бері ешнәрсе өзгерген жоқ. Сондықтан, бұны үкімет басшысының ашу-ызаға барып отырған үлескерлерді алдаусыратқан кезекті бір мәлімдемесі деп ұғынған жөн болмақ», - деді ол сәрсенбі күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында.

Мамырдың 27-күні Алматыда Қазақстанның тұтынушылар лигасының қолдауымен үлескерлерді қорғау жөніндегі ұлттық қауымдастықтың құрылатын болғандығы жария етілген болатын. С.Уткин бұл бастаманы құптап отыр.

«Үлескерлер үшін күресе алатын әрбір ұйым, әрбір қауымдастық дәл қазіргі жағдайда өте қажет болып тұр. Себебі, үлескерлердің көбі үйлерінен айырылғаны былай тұрсын, олар енді банктерден алған қарыздары үшін банктерге тәуелді жағдайға тап болып отыр», - дейді С.Уткин.

Қазақстанның тұтынушылар лигасының төрайымы Светлана Савченко осындай жағдайда жеке тұлғалардың банкроттықа ұшырау процедурасын заңмен бекітіп, банктердің несиелік ставкаларды көтеру мүмкіндігін шектеу қажет деп санайды.

«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім үлескерлерге қатысты әлеуметтік жағдайдың шиеленісуіне үкімет кінәлі деп санайды.
XS
SM
MD
LG