Accessibility links

АҚШ армиясының Ирақта қалуы “елдің ұлттық мүддесіне қарама-қайшы келеді”


БАҒДАД: Ирақтағы шейттердің бітіспес серкесі М.Ас-Садр өзінің үзеңгілестерін АҚШ армиясының елде болатын уақытын ұзартуға деген үкіметтің жоспарына қарсы шығуға үндеді. Ас-Садр мәлімдегендей, БҰҰ берген қазіргі мандатының мерзімі аяқталатын 31-інші желтоқсаннан кейін АҚШ армиясының Ирақта қалуы “ұлттық мүддеге қайшы келеді”. Өткен жылдың соңында АҚШ президенті Дж.Буш пен Ирақ премьер-министрі Н.Әл-Мәлики шілденің соңына қарай АҚШ әскерінің Ирақта болатын мерзімін созу туралы келісімге келетіндерін мәлімдеген болатын. Осы келіссөз наурыздан бері жалғасып келеді.
XS
SM
MD
LG