Accessibility links

Уранды байыту бағдарламасы туралы мәліметтерді Иран әлі жасырып отыр


ТЕҺРАН: Бүгін Иран парламентінің жаңа спикері Әли Лариджани ресми Теһран атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігімен арадағы ынтымақтастық келісімін қайта қарауы мүмкін деп ескертті. Депутаттардың алдында сөйлеген алғашқы сөзінде Лариджани МАГАТЭ-нің таяудағы есебінде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты “екіұшты мәлімдеменің” болуына өкінішін білдірді. Атап айтқанда, МАГАТЭ-нің есебінде уранды байыту мақсатында атқарылып жатқан істер туралы мәліметтерді Иранның әлі де жасырып отыруына “үлкен алаңдаушылық” білдірілді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG