Accessibility links

Биыл адамның баршаға бірдей құқы туралы БҰҰ-ның Декларациясына 60 жыл толады


ЛОНДОН: Халықаралық “Amnesty International” ұйымы бүкіл дүние жүзі елдерінің үкіметтерін баршаға бірдей адам құқының сақталуын қадағалау міндеттерін мүлтіксіз орындауға шақырады. Бүкіл әлемдегі адамның құқына байланысты өзінің бүгін жарық көрген жылдық баяндамасында аталмыш ұйым осындай үндеу көтерді. Баяндамада БҰҰ-на мүше 148 елдің адамның негізгі құқықтары көрсетілген Декларацияны қабылдағанына биыл 60 жыл толатыны атап көрсетіледі. “Amnesty International”-дың биылғы баяндамасында АҚШ пен Ресейдегі және Қытайдағы адам құқының қорғалуына өткір сын айтылды.
XS
SM
MD
LG