Accessibility links

Шегіртке жайпап өткен Сарыағаш ауданының 4 ауылдық аймағы бар малын сатуда


ШЫМКЕНТ: Оңтүстік Қазақстан облысының шегіртке нұқсан келтірген Сарыағаш ауданы тұрғындарынан мемлекет 20 мың мал сатып алды. Аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі Оспан Үкібаев хабарлағандай, қазір тұрғындардан 20 мың қой, 880 ірі қара мал, 121 жылқы сатып алынды. Оның айтуынша, үкіметтің тапсырмасы бойынша “Мал өнімдері” корпорациясы халықтан 11 мың қой, 30 сиыр сатып алды. Осы корпорациядан басқа – облыстық департамент және Жамбыл, Қызылорда облыстарының өкілдері де мал сатып алуда. Шегірткеден 4 ауылдық аумағы жапа шеккен Сарыағаш ауданында бас-аяғы 211 мың қой, 8.2 мың ірі қара мал және 3.030 жылқы бар.
XS
SM
MD
LG