Accessibility links

Израиль бас министрі Эхуд Олмерт коррупция айыбын жоққа шығарып, қызметінен кетуден бас тартты


Израиль бас министрі америкалық компаниялардан жүздеген мың доллар пара алған, сайлау науқанына заңсыз қаражат жинаған делінеді. Мәселен, Лейбористік партияның өкілі, қорғаныс министрі Эхуд Барак бас министрдің үкіметті де басқарып, жеке шаруаларын да реттеп жатқаны орынсыз, бас министр қызметінен кетпесе партиямыз коалициялық үкімет құрамынан шығады деп ескерткен. Мұның сыртында осы аптада Израиль сотында жауап берген америкалық бизнесмен Эхуд Олмерт бас министр болмай тұрып, оған мыңдаған доллар пара бердім деген.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG