Accessibility links

Стогкольмде бүгін Ирақ дамуы жайында халықаралық конференция ашылмақ


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс халықаралық қауымдастыққа қайырылып, Ирақты қайта құруға атсалысуға шақырды. Ирақ дамуы жайында Швеция астанасы Стокгольмде бүгін халықаралық конференция ашылмақ. Бұған жүзден аса ел мен ұйымнан 600 шақты ресми өкіл қатыспақ. Кондолиза Райс Ирақта толыққанды басқару жүйесі орнатылды, қауіпсіздік жақсарды, халықаралық қауымдастық жағдайды арттыруға атсалысса жөн деді. Мәліметтерге қарағанда, Ирақ бас министрі Нури Әл-Мәлики араб мемлекеттеріне қайырылып, Ирақтың сыртқы қарыздарын кешіруге шақырмақ.
XS
SM
MD
LG