Accessibility links

Кассеталық бомбаларға халықаралық тиым салынды


Ирландияда өткен конференция кассеталық бомбаларға тиым салу жөнінде халықаралық келісімнің жобасына келісті. Дублин қаласында он күн жалғасқан конференцияға жүзден аса мемлекеттің делегаттары қатысты. Келісім жобасы жұма күні ресми ұсынылмақ. Дегенмен, конференцияға кассеталық бомбаларды көп өндіріп, көп қолданатын Америка Құрама Штаттары, Ресей және Қытай сияқты елдер қатыспады. Кассеталық бомбалар бейбіт тұрғындар үшін аса қауіпті, мұндай бомба әуеде жарылып, кең ауқымды жерге ұсақ бомбаларды шашады.
XS
SM
MD
LG