Accessibility links

“Амнести интернешнл” ұйымы Дмитрий Медведевке қайырылды


“Амнести интернешнл” ұйымы Ресейдің жаңа президенті Дмитрий Медведевке қайырылып, барлық Ресей азаматтарының бостандықтарын қорғаймын деген уәдесінде тұруға шақырды. Лондонда орналасқан “Амнести интернешнл” ұйымы Ресейде адам құқықтарының бұзылып жатқаны жайында меморандум жариялады, мұнда саяси диссиденттерге қысым жасау оқиғалары, Чешенстанда және Солтүстік Кавказдың өзге республикаларында орын алған азаптаулар мен адам ұрлау оқиғалары дәйектелді. “Амнести интернешнл” ұйымы шетелдік қоғамдық ұйымдардың қызметін қатты шектеп, 2006 жылы еңгізілген заңды қайта қарауға шақырды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG