Accessibility links

Азық-түлік бағасы алдағы 10 жылда жоғары болып қала береді


Азық-түлік бағалары алдағы жылдары қазіргі деңгейінен төмендейді, бірақ келесі он жыл ішінде олар жоғары болып қала береді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен БҰҰ-ның азық-түлік пен ауыл шаруашылығы жөніндегі ұйымы осындай қорытынды жасады. Бұл жаңа баяндамаға сәйкес, алдағы он жылда бидай бағасы бұрынғысымен салыстырғанда 40-60 пайызға жоғары болуы мүмкін. Азық-түліктің қымбаттауы миллиондаған адамның жағдайын одан сайын нашарлатып жіберуі ықтимал делінген әлгі баяндамада.
XS
SM
MD
LG