Accessibility links

Израиль бас министрінің саяси дағдарысы ұлғайды


Израиль бас министрі Эхуд Олмерт америкалық компаниялардан үлкен сомада пара алды деген дау ұлғайып жатыр. Израиль сыртқы істер министрі Тзипи Ливни үкімет басшысын ауыстыруға тура келуі мүмкін, не болмаса сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге тура келеді, билік басындағы “Кадима” партиясы бұған дайын болса жөн деді. Израиль қорғаныс министрі Эхуд Барак осы аптада бас министрге қайырылып, биліктен кетуге шақырған. Бас министр Эхуд Олмерт айтылып жатқан айыптауды орынсыз дейді.
XS
SM
MD
LG