Accessibility links

Өткен жылы АҚШ армиясының 115 жауынгері өзіне қол салып өлген


ВАШИНГТОН: АҚШ армиясы жауынгерлерінің арасында өзіне-өзі қол жұмсап өлгендердің саны өсіп барады. Ол туралы Вашингтонда Пентагонның өкілдері хабарлады. Егер 2006-ншы жылы өзіне қол салған жауынгерлердің саны 108 болса, 2007-нші жылы қарулы күштердің қатарында сондай 115 оқиға тіркелген. Суицид жасаған немесе өзіне қол салған жауынгерлердің 43 пайызы - Ирақ пен Ауғанстандағы соғыс қимылдарынан елге оралған соң сондай қадамға барған.
XS
SM
MD
LG