Accessibility links

АҚШ-тың барлау қызметі “Әл-Қаида”-дың Ирақтағы бөлімі жеңілуге тақады деп санайды


ВАШИНГТОН: “Вашингтон пост” газетінің бүгінгі санында жарық көрген сұхбатында Орталық барлау басқармасының директоры Майкл Хэйден: “Әл-Қаиданың” Ирақтағы бөлімі “стратегиялық жеңіліске тақады”, - деп мәлімдеді. М.Хэйден, сонымен қатар, “Әл-Қаиданың” Сауд Арабиясындағы бөлімі де дәл сондай халге жеткенін, сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі терроршыл ұйымдардың “айтарлықтай қансырағанын” атап көрсетті. Барлау басқармасының терроризмге қарсы күресін сипаттай отырып М.Хэйден “тепе-теңдік орнату үшін біз ойдағыдай іс атқарып жатырмыз”, - деп қорытты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG