Accessibility links

Соңғы 3 жылда бүкіл әлемде азық-түлік 83 пайызға қымбаттады


ВАШИНГТОН: Дүниежүзілік банк азық-түлікке мұқтаж болып отырған елдерге көмек көрсету бағдарламасына 1 млрд. 200 млн. доллар қаржы бөледі. Ең мешел деген елдерге шұғыл көмекке тағы 200 млн. доллар бөлінеді. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, соңғы 3 жылда бүкіл әлемде азық-түліктің бағасы 83 пайызға дерлік қымбаттады. Латын Америкасы мен Кариб теңізі жағалауындағы 26 мемлекеттің өкілдері бүгін Венесуэлада басталатын конференцияда осы ахуалды талдайды. Келесі сейсенбіде Римде БҰҰ-ның азық-түлік проблемасына арналған “дағдарыс саммиті” ашылуға тиіс.
XS
SM
MD
LG