Accessibility links

АҚШ Демократиялық партиясы кездесу өткізуде


Бүгін АҚШ-тың Демократиялық партиясы кездесу өткізіп, партияның президенттік кандидаты кім болады деген мәселені талқыламақ. Мичиган мен Флоридада қаңтар айында өткен алдын ала дауыс берулерде Хиллари Клинтон жеңіске жеткен. Бірақ ол ұлттық партияның рұхсат етілген уақытынан ерте өткен соң, оның қортындысы мойындалмай отыр. Енді партияның жетекші комитеті осы дауыс берулерді мойындау керек пе, жоқ па дегенді талқылап жатыр. егер ол дауыстар жарамды болса, онда ол Хиллари Клинтон ханымның бәсекелесі Барак Обаманы басып озуына көмектеседі.
XS
SM
MD
LG