Accessibility links

Батыс елдері Мәскеу мен Тбилиси шиеленісін дипломатиялық жолмен шешуге дайындалуда


Батыс елдері Грузия мен Ресей арасындағы кернеулі мәселені шешу жолына дипломатиялық күш салуға дайындалып жатыр. Мәскеу мен Тбилиси арасында Грузияның жікшіл аймағы Абхазия төңірегінде туындаған шиеленісті реттеу үшін Еуропа Одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хавьер Солана алдағы аптада Грузия астанасы мен Абхазияға бармақшы. Бұл арада АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының өкілі Мэтью Брыза Мәскеуге барады деп күтілуде. Кеше БҰҰ қауіпсіздік Кеңесі сәуірдің 20-да Абхазияда ұшып жүрген Грузияның барлаушы ұшағын атып құлатқан жағдайға байланысты жабық есік жиналысын өткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG