Accessibility links

Франция сыртқы істер министрі Ираққа келді


Бүгін Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнер күтпеген сапармен Ираққа келді. Ол Ирақтың оңтүстігіндегі Насирия қаласында вице президент Адел Абдул Мадимен кездесті. Екі күндік сапары барысында Бернард Кушнер Ирақтың солтүстігіне барып, онда Францияның консулдығын ашпақшы. Кушнер бұрынғы президент Жак Ширак 2003 жылы АҚШ-тың Ираққа басып кіруіне қатты қарсы болған соң, Франция үкіметінен бірінші болып 2007 жылы тамызда Бағдадқа барған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG