Accessibility links

Р.Гейтс: Мьянма үкіметі он мыңдаған адамның тағдырына жауапты


АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтс, Мьянма үкіметі елде мамыр айының басында болған циклоннан зардап шеккендерге халықаралық көмектің берілуіне кедергі жасауы он мыңдаған адамның өмірін әкетіп отыр деді.

“Біз емес, Мьянма үкіметі тас керең болып, халықаралық қауымдастықтың үндеуіне жауап бермеді. Біз оған жетуге тырыстық, бірақ олар қолдарын қалтасына салып отыра берді”, - деді Гейтс.

Бұл туралы Гейтс Сингапурда өткен аймақтық қауіпсіздік конференциясында айтты. Мьянманың әскери үкіметінің айтуынша, наргиз циклоны 78 мың адамның өмірін жалмап, тағы 56 мың адам әлі табылмай отыр. Табиғат апатынан 2 млн-нан аса адам үй-күйсіз қалды.
XS
SM
MD
LG