Accessibility links

Арселор Миттал Теміртау компаниясына қарасты кеніште 5 жұмысшы жер бетіне шықпады


Қазақстанның Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы кеніште түнгі сағат төртте кезекті рет апат болды. 96 кенші қауіпсіз жаққа көшірілгенімен 5 кенші әлі табылмады. Бұл туралы Астанада маусымның 2-і күні төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Апат көмір мен метан газының жарылуынан болған дейді, министрлік. Кейбір парламент депутаттары үнді миллиардері Лакшми Миттал ақшасын үнемдеп, кеніштерді газдан дұрыс тазартпады деп отыр.
XS
SM
MD
LG