Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысы жұттан жапа шегу үстінде


ШЫМКЕНТ: Құрғақшылық пен шегіртке Оңтүстік Қазақстан облысының жайылымдарын түгел жалмап болды. 100-мыңдаған мал жем-шөпсіз қалып, қырылуы мүмкін. Сарыағаш ауданының батысындағы Әлімтау, Жамбыл, Базай, Бірлік ауылды аумақтарының жайылымдарын түгел шегіртке жайпап, шөпсіз дара қарайып тұр. “Бірлік” ауылының тұрғыны Сапармұрат Әбдікерімовтің мәлімдеуінше, өткен жылы тізеден келетін қалың шөп басып жатқан төбелерде қазір бір тал шөп қалмаған. Ақпан айында жауған нөсер жаңбыр мен су тасқынынан бері бір тамшы жаңбыр болмай, көгеріп шыққан азын-аулақ шөпті шегіртке жеп құртқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG