Accessibility links

Қырғыз президенті өзінің қауіпсіздігін қорғауды өз інісіне сеніп жүктеді


БІШКЕК: Бүгін қырғыз президенті Қ.Бәкиев өзінің туған бауыры Жәнібек Бәкиевті президенттің, яғни өзінің күзет қызметінің бастығы етіп тағайындады. Милиция генералы болып табылатын Ж.Бәкиев – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан 2006 жылы кетуге тиіс еді. Оған парламент қабырғасында президенттің намысына тиетін сөз айтқан оппозиция серкесінің қолжүгінен табылған героин есірткісін астыртын салуға мұрындық болды деген айып тағылған болатын. Президенттің бауыры ол жанжалға байланысты ешқашан сыр білдірген емес.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG