Accessibility links

Ауғанстандағы халықаралық күштердің жаңа қолбасшысы - АҚШ генералы


КАБУЛ: АҚШ генералы Дэвид МакКирнен Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. Соған байланысты Кабулда болып өткен салтанатта ауған президенті Х.Қарзай тәліптердің белсенді іс-қимылға көшуіне байланысты жаңа қолбасшының алдында аса күрделі міндеттердің тұрғанын атап көрсетті. Қазір НАТО-ның басқаруына қарайтын халықаралық күштер 51 мың жауынгерден тұрады, ауған армиясының қатары өткен жылғыдан 2 есе өсіп, 57 мыңға жетті.
XS
SM
MD
LG