РИМ: Бүкіл әлемдегі азық-түліктің күрт қымбаттауы мәселесі бойынша бүгін Римде 3 күндік конференция басталды. Оның ашылуында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун азық-түлікке деген сұранысты қанағаттандыру үшін 2030-ыншы жылға қарай азық-түлікті 50 пайызға артық өндіру қажеттігін ескертіп, азық-түліктің бағасын түсіру үшін әлем елдерін астық экспортына шектеу қоймауға және салықты азайтуға шақырды. Ал Иран президенті М.Ахмадинеджад қайсыбір елдерді азық-түліктің бағасын қасақана көтеріп отыр деп айыптады. Бразилия президенті “мешел елдердің ауылшаруашылығын күйретіп, дамуына тежеу болған протекционизмді” төзуге болмайтынын айтып, биологиялық отынды қорғады. БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық бойынша Бағдарламасының Бас директоры Жак Дьюф (Jacques Diouf) Батыста семіз адамдарды емдеуге миллиардтаған доллар босқа жұмсалса, әлемнің өзге елдерінде миллиондаған халықтың аш отырғанын атап көрсетті.