Accessibility links

Ауғанстанда қосымша француз әскерлері орналастырылмақ


Ауғанстан астанасы Кабулдың жанындағы Каписа өлкесінде қосымша 700-дей француз әскері орналастырылмақ. Олар НАТО жетекшілігіндегі халықаралық күштерге көмектесу мақсатында шілде немесе тамыз айларында Ауғанстанға жіберілетін болады. Қосымша әскер орналастыру жөнінде Франция президенті Николя Саркози осы жылдың басында жариялаған болатын. Қазір Ауғанстанда шамамен 1700 француз сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG