Accessibility links

Ресми Қабул Пәкістанды талибандармен келіссөз жасады деп сынады


Бүгін Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши Ауғаныстандық әріптесімен келіссөз өткізу үшін Қабул қаласына келді. Келіссөздер алдында Ауған сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спанта Пәкістан билігін Ауғаныстанмен шекарадағы талибаншыл жауынгерлермен бейбіт келіссөз өткізді деп сынады. Қабулда берген баспасөз маслихатында Пәкістан сыртқы істер министрі:

“Мен сіздерге экстремизм мен жаугершілікке бізде де алаңдаулы екенімізді жеткізгім келеді. Біздің үкіметіміз ешқандай жолмен терроризм мен террористер алдында тізе бүкпейді”, - деген.

Ал, ауған сыртқы істер министрінің айтуынша, содырларды тыныштандыру келісімі дұрыс емес саясат. Оның атап көрсетуінше, Пәкістандағы жауынгерлерге баспана беру, Ауғаныстанда шабуылдардың көбеюіне әкелуі мүмкін.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG