Accessibility links

Түркияның жетекші партиясы Конституциялық соттың мұсылман орамалын тағуға қарсы шешімін сынады


Түркияның исламшыл бағыттағы премьер министр Режеп Тайып Ердоғанның партиясы Конституциялық Соттың түркиялық оқу орындарында орамал салуға салынған тыйымды алу шешімін өзгерткенін сынап отыр. Маусымның 5-де Конституциялық Сот қыз-келіншектердің университеттерде орамал тағуына төрт ай бұрын берілген рұхсатты алып тастаған. Әділет және Даму партиясы жетекшісінің орынбасары Мехмет Фираттың айтуынша, бұл парламенттің құзырына тікелей араласып, билікті бөлісу негіздеріне қайшы келіп отыр. Бұл туралы ол парламентті төрт сағат Конституциялық соттың шешімін талқылап шыққан соң айтты. Ал, Конституциялық сот орамал салуға енгізілген тыйымды алу Түркияның зайырлы қоғам принциптерін бұзады дейді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG