Accessibility links

Алты аптадай тұмшаланған Азаттықтың вебсайты қайта ашылды


Қазақстандықтар Азат Еуропа/Азаттық радиосының қазақ тіліндегі вебсайтын алты аптадан кейін қайтадан аша алатын болды. АҚШ-тың қаржыландыруындағы Азаттық радиосының басшылығы веб парақшаның қызметін қайта қалпына келтіруге халықаралық қысым жасалғанына алғысын айта отырып, бұл жаңалықты оң қабылдады. Азаттықтың интернеттегі “azattyq.org” деп аталатын сайтының Қазақстанда ашылуына сәуірдің 11-нен бері тосқауыл қойылып келген. ЕҚЫҰ-мен бірге бірқатар халықаралық ақпарат ұйымдары бұл тосқауылға алаңдаушылық танытып, мәлімдеме таратқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG