Accessibility links

Мәскеу ел экономикасына мемлекеттің бақылауын азайтпақшы


Бүгін Ресей ресмилері елдің экономикасы мен жеке мүлікті бағалау тұрғысында Мәскеудің ықпалын азайтуға сөз беріп отыр. Вице премьер Игорь Шувалов Санкт Петербордағы жылдық іскерлік конференцияда, премьер министр Владимир Путин мемлекеттің бақылауындағы стратегиялық компаниялардың санын азайту шешімін мақұлдады деген. Путин президент болып тұрғанда, Ресей үкіметі мұнай өнеркәсібі мен банк жұмыстары және басқа да компанияларды бақылауында ұстап келген.
XS
SM
MD
LG