Accessibility links

Израйл саясаткерлері арасында Иранға шабуылдау жайлы мәлімдемеге қатысты пікірқайшылық туып отыр


Израйлде вице премьердің Иранның ядролық жұмыстарына шабуылдамаса болмайтындай деп айтқанына байланысты саяси пікірқайшылық орын алып отыр. Қорғаныс министрінің орынбасары Матан Вилнаи бүгін Израйлдік қоғамдық радиоға берген сұхбатында, вице премьер Шауль Мофаздың мәлімдемесі орталық стратегиялық мәселені өзінің жеке саяси мақсатына пайдаланып айтылған деп айтты. Онда Мофаз егер Иран өзінің ядролық қаруын дамыту бағдарламасын жалғастыра берсе, біз оған шабуылдайтын боламыз деген. Иран өзінің ядролық бағдарламасы ядролық қаруды дамытуға арналғанын жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG