Accessibility links

Шахтинск жұрты қаза тапқан кеншілерді ақтық сапарға шығарып салды


Қарағанды облысындағы Шахтинск кентінде бүгін бес кенші жерленді. Олардың мәйіттері шахтада өткен сенбі күні табылды. Маусымның 2-күні таңғы сағат 04-тен 17 минут кеткенде, «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты «Тентек» шахтасында көмір мен метан газының мөлшерден тыс бөлінуі кеншілердің өміріне қауіп төндірді. Сол кезде шахтада жұмыс істеп жатқан 100 адамның 95-і жер бетіне шығарылып, бесеуі жер астында қалып қойған еді. Биылғы қаңтар айында «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының иелігіндегі «Абай» шахтасында метан газының жарылуы салдарынан 30 кенші тапқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG