Accessibility links

Голландия құрамасы әлем чемпиондарын жерге қаратып 3:0 есебімен жеңді


ВЕНА-БЕРН: Бүгін Аустрия мен Швейцарияда футболдан Еуропа біріншілігі жалғасады. Кеше топтық ойында әйгілі аяқдоп шебері Марко ван Бастен бастаған Голландия құрамасы – Швейцарияның берн қаласында - әлем чемпионы болып табылатын Италияны араға 30 жыл салып 3:0 есебімен ойсырата ұтса, Румыния мен Францияның жек-жегі 0:0 есебімен “итжығыспен” аяқталды. Ал бүгін “Д” тобына кіретін Испания мен Ресей құрамалары - Аустрияның Инсбрук қаласында, Зальцбургте Грекия мен Швеция құрамалары өзара күш сынасады. Еуропа біріншілігінің финалы 29-ыншы маусымда мәресіне жетеді.
XS
SM
MD
LG