Accessibility links

Қытай үкіметі Жазғы Олимпиада ойындарының қауіпсіздігін нығайту үстінде


БЕЖИН: Қытай үкіметі Бежин қаласында тамыз айында басталатын Жазғы Олимпиада ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мерекелік от шашуға тыйым салды. Бұл шара 1-інші шілдеден 8-інші қазанға дейін дерлік күшінде болады. Аспанға от шашу – Қытай халқының ең сүйікті сауығы болып табылады. Бірақ от шашудың салдарынан төтенше оқиғалар жиі болып тұрады. Бежиннің қауіпсіздігі мақсатында, сонымен қатар, жанар-жағармай бекеттері Олимпиада қалашығынан кемінде 300 метр қашықтықта орналасып, бақылау бейнекамералары мен жарылысқа жол бермейтін қондырғылармен жабдықталуы және темекі шешуге тыйым салу сынды қосымша шаралар қабылданды.
XS
SM
MD
LG