Accessibility links

Ауғанстан үкіметі демеуші елдердің өкілдерімен Парижде бейсенбіде кездеседі


ПАРИЖ: Экономикалық дамуына кең жол ашу үшін Ауғанстан берік мемлекет болып қалыптасуға тиіс. “Ауған мәселесі” бойынша “Париж конференциясының” қарсаңында Дүниежүзілік банк осылай деп мәлімдеді. Дүниежүзілік банк, сонымен қатар, халықаралық қауымдастықты Ауғанстанға кең көлемді көмек беруге шақырды. Оған қоса ауған үкіметінің көп міндетін әлі де халықаралық қауымдастықтың атқарып жатқаны және ол міндеттерді ауған үкіметінің өзі атқаруға тиіс екені айтылды. Ауған үкіметі “Талибан үстемдігінен” кейінгі 50 млрд. долларды қажет ететін қайта құру стратегиясы бойынша өзінің демеушілерімен Парижде бейсенбіде кездеседі.
XS
SM
MD
LG