Accessibility links

АҚШ-та сәуір-мамыр айларының ішінде жұмыссыздар 0.5 пайызға күрт өсті


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Федералдық қор жүйесінің басшысы Бен Бернанке Американың экономикасы күрт құлдыраудан аман шыға алады деп есептейді. Вашингтонда сөйлеген сөзінде Б.Бернанке экономиканың ахуалы туралы АҚШ үкіметінің өткен аптада жариялаған баяндамасына түсініктеме берді. Баяндамада сәуір мен мамыр айларында Америкадағы жұмыссыздықтың 5 пайыздан 5.5 пайызға дейін өскені айтылды. Бұл соңғы 20 жылдағы ең зор көрсеткіш. Бернанке оны “онша жақсы нышан емес” деп бағалап, әйтседе экономика қазіргі қиындықтардан шыға алады деген үмітін айтты.
XS
SM
MD
LG