Accessibility links

Ресей президенті АҚШ-пен байланыстарында оптимизм танытып отыр


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев өзінің АҚШ-тың келесі әкімшілігімен “құрылымдық әрі достық диалогта” болуды күтетінін айтты. Мәскеудегі сөзінде Медведев, екі ел пікірқайшылықтарына қарамастан, бірге жұмыс істеуі керек деген. Екі ел Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жөніндегі АҚШ-тың жоспарына қатысты мәселелерде келіспей келеді деп айтқан Медведев, Құрама Штаттар мен Ресей қарым-қатынасынан оптимизм көріп отырғанына тоқталған. АҚШ президенті Джордж Буш қызметінен қаңтар айында кетеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG