Accessibility links

Иран елдің ядролық бағдарламасын тоқтатуға қатысты Батыстың қысымы сәтсіз болды деді


Иран президенті Махмуд Ахмединежадтің сөзіне қарағанда, елдің ядролық бағдарламасын тоқтатуға қатысты Батыстың қорқыту мен қысымы сәтсіз болды. Тікелей теледидардан сөйлеген сөзінде Ахмединежад, Иран жеңіске жетіп, елдің жаулары ештеңе жасай алмады деген. Сонымен қатар, ол АҚШ президенті Джордж Буш Иранның тіпті бір сантиметр жеріне де тисе алмайды деп айтты. Оның бұл мәлімдемесі Құрама Штаттар мен Еуропа Одағының Техранға уран байытуды тоқтатуға шақырған ескертуінен кейін жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG