Accessibility links

Жоғарғы сот алқасы «Шаңырақ» оқиғасына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды


Маусымның 12-күні Қазақстан Жоғарғы сотының аппеляциялық алқасы 2006 жылдың 14 шілдесінде Алматы қаласының «Шаңырақ» ықшамауданында болған жаппай тәртіпсіздік оқиғалары бойынша алдыңғы шығарылған сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. 2007 жылдың күзінде «Шаңырақ ісі» бойынша жауапқа тартылған 24 адамның төртеуі полиция қызметкерінің өліміне қатысы бар деген айыппен, Алматы қалалық сотының үкімі бойынша, 14 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қалған 20 азамат 3 жылға шейін шартты түрде сотталған болатын. Осы іс бойынша тергеу жұмысына және сот ісіне негізгі куәгерлер ретінде қатысқан ағайынды Айбатыр мен Бауыржан Ибрагимовтер биылғы жылдың 14 мамырында бұрынғы берген айғақ жауаптарынан бас тартып, полиция тергеушілері қысым көрсетіп, жалған мәлімет беруге мәжбүрлегенін мәлімдеді. Бірақ, маусымның 10 күні Астанада Жоғарғы соттың аппеляциялық алқасы ағайынды екеуінің сот ісі бойынша жаңа деректерді айту үшін берген өтініштерін қанағаттандырмай тастады.
XS
SM
MD
LG