Accessibility links

Францияда Ауғанстанға қатысты халықаралық жиын басталды


Бүгін Францияда Ауғанстанға арналған халықаралық конференция басталды. Бұл жиында Ауғанстан президенті Хамид Карзай 60-тан астам елден келген ресмилерден 50 миллиард доллар көлеміндегі бес жылдық даму жоспарын қаржыландыруды сұрады. Ал донорлар Ауғанстаннан жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді талап етеді. Америка Құрама Штаттары Ауғанстанға көмек ретінде шамамен 10 миллиард доллар береміз деп уәде етті.
XS
SM
MD
LG