Accessibility links

Нури Әл-Мәлики АҚШ әскерін қалдыру келіссөздері тұйыққа тірелді дейді


Ирақ бас министрі Нури Әл-Мәлики Америка Құрама Штаттарымен арада қауіпсіздік қамту жайында ұзақ мерзімге арналған келісім жөнінде сөйлесулер тұйыққа тірелді деп мәлімдеді. Нури Әл-Мәлики бұл сөзін бүгін Иордания сапарында айтты. АҚШ әскеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы берген мандат биыл 31 желтоқсанда таусылады. Нури Әл-Мәлики Америка Құрама Штаттарының кейбір талаптары Ирақ үкіметіне қатты әсер етпек, мұны ешқашан қабылдамаймыз дейді. АҚШ тарабы АҚШ сарбазадары Ирақта қылмыстық жауапқа тартылмасын, әскери операцияларға Ирақ тарабынан бақылау жасалмасын деп талап етеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG