Accessibility links

Ирландия референдумы “Лиссабон келісімін” қабылдамады


Ирландия референдумы Европа Одағының реформасына бағытталған “Лиссабон келісімін” қабылдамады. Ирландия әділет министрі Дермот Ахерн алдын-ала мәліметті жариялағандай, 43 сайлау аймағының басым көпшілігінде “Лиссабон келісіміне” қарсы дауыс берілді. Референдумның мұндай қорытындысы Европа одағына соққы болмақ. “Лиссабон келісімі” 2005 жылы Франция мен Голландияда өтпей қалған Европа Конституциясының орнына қабылданбақ. “Лиссабон келісімі” Европа Одағының басқа 26 мемлекетінде парламент арқылы қабылданса, бір ғана Ирландияда референдумға салынуға тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG