Accessibility links

Қазақстанда биыл 16-17 миллион тонна астық жиналмақ


Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің өкілі Анна Буць мәлімдеді. Бірақ, деді Анна Буць, бұл межеге жету үшін маусым айында жауын-шашын мөлшері әдеттегідей болу керек, дәнді дақылдардың сақтығы қамтылу керек. Ресми Астананың болжамы Қазақстанның былтыр шамамен 20 миллион тонна бидай жинаған көрсеткішінен аз. Әлемде биыл басталған азық-түлік дағдарысына Қазақстан сияқты бидай сатушы ірі мемлекеттің бидай экспортына уақытша тиым салғаны да әсер етті.
XS
SM
MD
LG