Accessibility links

Евродақтың Лиссабон реформа келісімінің болашақ тағдыры белгісіз болып тұр


Ирландияда өткізілген референдумда аталған келісімге қолдау танытылмай, ол мақұлданған жоқ. Референдумға қатысқан сайлаушылардың 53 проценті Лиссабон келісіміне қарсылық білдірген. Бұл құжат өз күшіне ену үшін Евродаққа мүше елдердің барлығы да қолдау танытуы шарт. Бұған дейін Лиссабон келісімін одаққа мүше 27 елдің 18-і мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG