Accessibility links

Хавьер Солана Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер өткізді


Техранда Евродақтың сыртқы саясат жетекшісі Иран басшыларын Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германияның, демек алтылықтың ұсынып отырған жаңа ұсыныстарымен таныстырды. Онда Техранға уран байытудан бас тартатын болса, экономика мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық ұсынылған. Алайда сенбі күні Иран үкіметінің өкілі уран байытуды тоқтату мәселесі талқылауға жатпайды деп атап көрсетті. Иран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатқа бағытталған деп мәлімдеп келе жатқаны аян.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG