Accessibility links

Талибандардың түрмеге шабуылынан кейін жүздеген тұтқын қашып кетті


Жұма күні кешкісін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласындағы орталық түрменің қақпасы алдында тәліптер қуатты жарылыс жасап, түрме ғимаратын гранатометтен атқылаған. Қандағар провинциясы кеңесінің басшысы Ахмед Вали Қарзай Азаттық радиосының ауған редакциясына берген сұхбатында:

- Қанша адамның қашқанын ешкім де білмейді, бірақ мұнда 390-дай тәліп тұтқыны және 600-700-дей басқа да қылмыспен отырған тұтқындар болған еді. Қазір 200-дей ғана тұтқын бар, қалғандары қашып кеткен. Хабарларға қарағанда түрмедегі шабуыл барысында 15-тей күзетші қаза тапқан, - деді.
XS
SM
MD
LG