Accessibility links

Бүгін қырғыз елі Қырғызстан халық жазушысы Ш.Айтматовпен қоштасты


Сенбі күні бірнеше ондаған мың халық қырғыз әдебиеті ғана емес, бүкіл әлем әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан заманның заңғар жазушысын Бішкектің жанындағы Атабейіт мемориалында соңғы сапарға шығарып салды. Адамзаттың Айтматовы атанған жазушы сейсенбі күні ауыр науқастан Германияның Ньюрнберг қаласындағы ауруханада қайтыс болған еді. Қырғыз президенті Құрманбек Бәкиев пен көптеген шетелдік тұлғалар бейіт басында марқұммен қоштасу сөздерін айтты. Сенбі Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жарияланған болатын.
XS
SM
MD
LG