Accessibility links

Дж.Буш әлемдік жетекші елдердің ұсынысын Иранның қабылдамағанына қынжылыс танытты


Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германияның уран байытудан бас тартуы үшін экономика мен қауіпсіздік саласында жасап отырған ұсыныстарын Иранның қабыл алғысы келмегеніне АҚШ президенті Дж.Буш өкініш білдірді. Аталған ұсынысты сенбі күні Евродақтың сыртқы саясат жетекшісі Хавьер Солана Иран жетекшілеріне жеткізген болатын. Техран бұл ұсынысқа ресми түрде жауап берген жоқ, дегенмен де Иран үкіметінің өкілі уран байыту тоқтатылмайды, ол жалғаса береді деп айтты.
XS
SM
MD
LG