Accessibility links

Қуаныш есімді студент коррупция жайында


- Қазіргі кезде біздің қоғамның болашағына байланысты өте толғандыратын бір жағдай – коррупция мәселесі. Менің пікірімше, қазіргі кезде біздің елімізде осы проблема кеңінен етек алып барады. Қазақстан қазір әлем елдерінің арасында осы коррупция көрсеткіші бойынша тізімнің бел ортасында тұр екен.

Бізде жұмыс орнында ақшамен ұсталып жататындар сирек емес. Соның бәрін көріп өскен жастардың арасында коррупция жайында теріс түсінік те қалыптастады, кейде жастардың өзі де қатысады сондай қылмысты іске. Бірақ, «Балық басынан шіриді» деп айтады ғой халқымыз, осы кеселді жоғары жақтағылар арасында тиығызса төмендегілер одан тиісті қорытынды жасаған болар еді.

Жоғары оқу орнындағы әр мұғалімге топырақ шашу дұрыс болмас, бірақ олардың арасында пара алатындар бар екені жасырын жайт емес. Ал, парақор мұғалімнің ісі кейінгі студенттерді де теріс жолға итермелейді. Азаматтары жастайынан коррупцияны қалыпты нәрсе деп қабылдап өскен елдің келешегі дұрыс болмайды.

Сондықтан, болашағымыздың тамырына балта шаппау үшін, жасымыз бен кәріміз бар, бүкіл қоғам болып осы коррупция деген пәлемен күресуіміз керек. Коррупцияны өз қолымыздан істемей, басқаларға тәлім-тәрбие де болуымыз керек деп ойлаймын.
XS
SM
MD
LG