Accessibility links

Израиль мен Сирияның арасындағы келіссөзге Түркия ара-ағайын болып отыр


АНКАРА: Келіп түскен хабарға қарағанда, өз арасындағы жанжалды үйлестіру үшін Израиль мен Сирияның арасындағы бейресми келіссөз қайта жалғасты. Ақпарат агенттіктерінің мәліметтеріне сәйкес, келіссөз Түркияның ара-ағайын болуымен өтіп жатыр. Осы мақсатта Анкараға Израиль премьер-министрі Э.Ольмерттің жақын 2 көмекшісі мен Сирия делегациясы келіп жетті. Келіссөздің бастапқы сатысы 1967-нші жылы Израиль басып алған Голан төбесі бойынша қарама-қайшы көзқарастан үзілген болатын. Сирия Голан төбесін өзіне қайтаруды талап етеді.
XS
SM
MD
LG