Accessibility links

Британ премьері мен АҚШ президенті бірқатар халықаралық проблеманы талдайды


ЛОНДОН: Бүгін Лондонда Ұлыбританияның премьер-министрі Г.Браун 2 күндік сапармен келген АҚШ президенті Дж.Бушпен бірқатар халықаралық проблеманы, атап айтқанда Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын, Ауғанстандағы ахуалды және Ирақтағы британ әскерінің келешек тағдырын талқылайды. Қазір Ирақта Ұлыбританияның шамамен 4200 жауынгерлік әскері тұр. Өткен жексенбі күні Г.Браун Дж.Буштың құрметіне қонақасын берген кезде, ағылшын парламентінің алдындағы алаңға 2 мыңнан астам халық жиналып, Ирақ пен Ауғанстандағы соғысқа қарсы наразылық митингісін өткізді.
XS
SM
MD
LG