Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында адамды алдымен сабап, кейін үстіне бензин қойып, тірідей өртеп жібермек болған қылмысы үшін полицияның 3 қызметкері сот үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Қылмыстық оқиға бойынша Глубокое кентінде ашық сот процесі өтті деп хабарлады маусымның 16-күні «Азаттық» радиосына облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Лариса Поломошнова.

- Биылғы жылғы ақпанның 23-күні таңертең Глубокое кентіндегі ауруханаға денесін күйік шалған және жарақат іздері бар Ордабаев деген азамат жеткізілді. Жедел-іздестіру шаралары барысында, бұл адамды сол күні түнде «Ертіс» шахтасының маңында, араққа сылқия тойып алған аудандық полиция бөлімінің үш қызметкері жабылып сабап, онан соң үстіне бензин құйып өртеп жібермек болғаны анықталды. Бұл қылмыстық іс бойынша Глубокое кентінде ашық тыңдау өткізген облыстық сотта жауапқа тартылған үшеу ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының 2-ші, 103-бабының 2-ші және 315-бабының 4-тармақтары бойынша айыпты деп танылды. Маусымның 2-күні соттың шығарған үкімімен, С.Ойекенов - 4 жылға, Р.Жаханов - 2 жылға және С.Жоламанов - 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі де жазаларын жалпы тәртіптегі түзеу мекемелерінде өтейтін болды, - деді Л.Поломошнова.

Сот-медицина сараптамасының қортындысында, полицейлердің соққысынан жапа шеккен Ордабаевтың бас сүйегі зақымданғаны және денесінің 35 пайызы күйіп қалғаны жазылған.
XS
SM
MD
LG